Лента новостей
0

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.02.2018 20:27 Фото: zakon.kz

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз

 

Қазақстан Республикасының тіл туралы 11-шілде 1997 жылғы заңының 4,7,9 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Ата Заңымыздың елге әкелген көптеген өнегелерінің бірі мемлекет құрастырушы ұлт тілі - қазақ тілін мемлекеттік деңгейінде көтеруінде болып отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі контитуциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл.

Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

 

Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:

 

Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!

 

Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.

 

Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын

 

Туған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Бірақ өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекетіміздің бүкіл салаларындағы жұмыстардың көпшілігі тек ресми тілде жүргізіліп отырылады. Сондықтан ең бастысы - өзіміз тілімізді құрметтеп сыйлауымыз керек, ана тіліне жай көңіл бөліп қана қоймай, онан әрі қарай жетілуіне заң жүзінде дамуына үлесімізді қосу және ана тілінде іс қағаздарын жүргізуді дамытуды қалыптастыруға күш салу қажет.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі.

Сіздер мен біздер, жергілікті ұлттың өкілдері - орыс тілінде сөйлейтін халықтарды қазақ мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне тарта білмейміз және оған тырыса да бермейміз. Оның үстіне тілдің қоғамдық тұрғыдан қажет етілмеуі, оның тіпті қазақтардың өздері арасындағы беделінің кемуіне әкеп соқты. Көптеген отбасылар, әсіресе қалалық жерде тұратындар орыс тілін сөйлейтін болып алды. Ана тілін тіпті тұрмыстық қарым-қатынаста да қолданудан қалды. Сөйтіп, атасы өзінің туған немересімен қазақ тілінде сөйлесе алмайтын жағдайға жеттік. Әлі де кеш емес, тілімізді сақтап қалу мына біздің, жастардың қолында. Ештен кеш жақсы. Өмір бойы тіліміздің осылай шұбарланып, қорланып, ақыр аяғында түп-тамырымен жоқ болып кетпеуін қаласақ, бүгіннен бастап әрекетке көшейік. Қазақ тілі - ұлттың жолы. Мен ұлтымды, тілімді сүйемін. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Мен ана тіліммен мақтанамын және мемлекеттік тілімді құрметтеймін!

 

Елімнің жастарын, ең алдымен, өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:

 

Тіліміздің тағдыры өз қолымзда, тіліміздің мәртебесін көтерейік!

 

Алматы аудандық

Сотының бас маманы-с/о хатшысы Темірбек М.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: