Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Әпкесінің көлігін өртеген ер адам 4 жылға сотталды

Тергеу жұмыстары барысында ер адам өзінің кінәсін толықтай мойындады.

Фото : Baq.kz5 февраля 2018, 10:20

Тараз қаласының №2 сотында ҚР ҚК 1,5-пункт, 2-бөлім және 202-бап бойынша айыпталған азаматтың ісі қаралған сот тыңдалымы аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 28 желтоқсанында ішімдікке мас болған ер адам өзінің әпкесімен сөзге келіп қалады. Азамат үйден шығып бара жатып, әпкесінің Hyundai Accent маркалы көлігін өртейтінін айтып қорқытады.

Араға жарты сағат уақыт салып әйел аулада тұрған көлігінің өртеніп жатқанын көреді. Кейін полиция қызметкерлеріне хабарласады.

Тергеу жұмыстары барысында ер адам өзінің кінәсін толықтай мойындады. Әпкесі өз кезегінде бауырының материалдық шығынды толықтай өтегенін айтып, оған бас бостандығынан айырудан өзге жаза тағайындауды сұрады.

«Сот үкімімен ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұнымен қатар, 102 917 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы тағайындалды», - делінген сот хабарламасында.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии