Лента новостей
0

ОҚО-да ана өлімі 34 пайызға төмендеген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.02.2018 19:50 Zakon.kz
Айта кетерлігі, өткен жылы облыста бюджет есебінен 33 нысан салынды.

Оңтүстік Қазақстан облысында нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші былтыр 2016 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендесе, ана өлімі 34,1 пайызға азайған, бұл туралы Zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша Оңтүстік Қазақстан облысы ана өлімі бойынша республикада 5-орында тұрақтап отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті.

Айта кетерлігі, өткен жылы облыста бюджет есебінен 33 нысан салынды. Атап айтқанда, Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы мен облыстық онкологиялық диспансерінің корпусы, 1 аудандық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт пайдалануға берілген болатын.

Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 20 дана құрастырмалы-қаңқалы модулдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректер сатып алынды. Ағымдағы жылы 67 медициналық тірек сатып алу жоспарланып отыр.

«2017 жылы 4 емхананың құрылысы басталып, бүгінде жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында үш бірдей 500 адамдық Ақсукент, Жетісай және Кентау қалалық емханаларының құрылысы, сонымен қатар, 250 науқасқа шақталған Мақтарал аудандық Мырзакент емханасын айтуға болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Шымкент қаласында №10 Қайтпас емханасының құрылысы басталып, Біркөлік, Ақсу-Жабағылы санаторийлері сенімгерлік басқаруға берілді» - деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Басқарма басшының айтуынша, кезексіз емхананы жетілдіру мақсатында 23 медициналық ұйымға электрондық кезек таблосы орнатылған. Бұл жүйемен 2018 жылы өңірдегі барлық емханалар қамтамасыз етілетін болады. Шұғыл әрекет ету мақсатында SOS жүйелері 17 медициналық ұйымға енгізілді. Бұл бағдарлама пациенттің, посттағы мейірбикенің, кезекші дәрігердің қажетті маманды 1 минут ішінде шұғыл шақырып алуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 35 медициналық ұйым кешенді ақпараттық жүйеге қосылған. 2018 жылы барлық медициналық мекемелер 100 пайызға ақпараттық жүйеге қосылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта өңірде емхана, аурухана және жедел медициналық көмек қызметінің біріктірілген ақпараттық жүйесі енгізіліп, бірыңғай ситуациялық орталық жұмыс жасайтын болады.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: