Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Алматыда Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кеші өтті

14 февраля 2018, 16:16

Мұзбалақ ақынның Алматыдағы ескерткішінің алдында өткен дәстүрлі жиында оқу орнының студенттері жыр падишасының туындыларын орындап, жүрекжарды шығармаларын оқыды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Есіңе мені алғайсың...» атты Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз орталығы.

Мұзбалақ ақынның Алматыдағы ескерткішінің алдында өткен дәстүрлі жиында оқу орнының студенттері жыр падишасының туындыларын орындап, жүрекжарды шығармаларын оқыды.

Шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, педагог ғалым Шәмшә Беркімбаева, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы Әділғазы Қайырбеков, Қыздар Университетінің оқу және тәрбие істері жөніндегі проректоры Абай Құрманқұлов, Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры Жаңагүл Сұлтанова және оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты.

Жиынды ашқан Шәмшә Көпбайқызы мұзбалақ жыр шайырының шығармаларын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған игілікті істің дәстүрге айналғанына шынайы алғысын жеткізді.

– Мұқағали – ғұмырының соңына дейін шығармашылықтан алыстамай, қолынан қаламы түспей, қазақтың қара өлеңінің құдіреті мен сырына молынан қаныққан ақын. Өлең киесінің мәні мен мағынасына терең бойлап, сөз маржанын келісті кестелей білген Мақатаев мұралары қазақ әдебиетіне қосылған баға жетпес туындылар. «Туады, туады әлі нағыз ақын, Нағыз ақын бал мен у тамызатын. Жесірдің айырылмас сырласы боп, Жендеттің көзінен жас ағызатын,» – деп жырлаған Мұқағали өзі де қазақтың қара өлеңінің Хантәңіріне айналып отыр бүгінде. Қаракөз бойжеткендердің поэзияға деген құштарлығын арттыру мақсатында бірнеше жыл қатарынан «Мұқағали оқуларын» өткізуге Қыздар Университеті ұйытқы болып келеді. Біз Аспантаудың ақиық ақынының жырларымен сусындау арқылы жастарды рухани тұрғыда байыта алатынымызға кәміл сенімдіміз, – деді Ш. Беркімбаева.

Ал, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Әділғазы Қайырбеков Ғабит Мүсірепов пен Мұқағали Мақатаев арасындағы ізгі ниет, ыстық ықыластан туған «Алтын қалам» атты балладаны оқып берді.

Жиынның екінші бөлімінің шымылдығы Алматы қаласындағы №90 балабақша тәрбиеленушілерінің ақын өлеңдерін жатқа оқуымен ашылды. Атап айтқанда, Жания Мамбетова «Ана», Інжу Мыңдабекова «Анашым», Аяулым Ғалымжан «Үш бақытым» және Исмаил Нұрыбаев орындаған «Отан» атты туындылар көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, поэзия кеші барысында Қазақ әдебиеті кафедрасының жанынан ашылған «Назқоңыр» үйірмесінің мүшелері Алатаудай асқар таланттың туындыларын орындап, сахналық қойылымды жұртшылық назарына ұсынды.

Ақынның мәңгілік ғұмырға айналғанының тағы бір айқын дәлелі, жыл сайын туған күні қарсаңында еліміздің барлық аймағында Мұқағалиға арналған әдеби кештердің үздіксіз өткізілуі. Бұл үрдіс ешкімнің міндеттеуінсіз, жүрек қалауымен жүзеге асып жатқандығы таңданыс туғызатыны рас.

– Жыр дүлдүліне арналған мүшәйралар мен ән кештері жылдан жылға жалғасатыны сөзсіз. Ақын өзінің күнделігінде «Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Одан кейінгі ұрпақтың да туысымын» деген екен. Келешекті болжап кеткендей болған ақын көрегендігіне еріксіз таңданасың. Расымен де ХХІ ғасырдың ұрпақтары ақынның құрдасына һәм сырласына айналған. Оған жыл сайын білім мен ғылымның қарашаңырағы Қыздар Университетінде өтіп жүрген дәстүрлі «Мұқағали оқулары» атты жыр жиыны нақты дәлел бола алады, – деп атап өтті Қыздар Университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Жандар Асан.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...