Лента новостей
0

Цифрландыру озық елдің қатарына қосады

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.02.2018 17:33 Фото: zakon.kz

Цифрландыру озық елдің қатарына қосады

 

Елбасы Қазақстан халқына ар наған Жолдауында Үшінші жаңғырудың негізі цифрландыру екенін атап айтты. Өйткені, цифрландыру әлемдік мәселеге айналған сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға септігін тигізбек.

Осы тұрғыда сот жүйесіндегі ашықтық принциптеріне ерекше назар аударылып, қарымды қадамдар жасалуда. Сондықтан, бұл сала құқық үстемдігі жағынан орасан жетістіктерге жетіп отыр. Оны халықаралық индикаторлар да дәлелдеуде. Сот жүйесінің ашықтығы қоғам сенімін арттырудың кепілі десек, саланы цифрландыру бүгінгі заман талабы.

Мысалы, 2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Осы арқылы электронды цифрлы қолтаңбасы бар азаматтар сотқа талап арыз- шағым, өтініш, пікір, т.б. электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеу мүмкіндігіне ие болды. Ал, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамында барлық сот процесіне бейне және дыбыс таспаға жазу шараларын енгізу міндеттеліп, бүгінде ол межеге толықтай жеткенімізге ел куә. Тағы бір айта кетерлігі, өткен жылдан бастап Жоғарғы Сотта сот процестерін бақылайтын ахуалдық орталық іске қосылды. Азаматтардың еркін түрде кез келген қызметке қолжетімділігін қалыптастыру, үйден шықпай сотқа арыз-шағым беру немесе алыста жүріп-ақ сот отырысына қатыса алуы, кейбір қылмыстық істерді ғаламтор арқылы бақылау мүмкіндігі үшінші билікке деген сенімді сөзсіз қалыптастырады. Сот жүйесіндегі жетістіктерді тізбелеп отырғанымыз, республика соттары жұмысының жылдық қорытындысында цифрландыруды жетінші мәселе ретінде айқындаған Жоғарғы Сот төрағасы осы ретте үш маңызды міндетті атады. Олардың біріншісі кедергісіз сот төрелігін, яғни, IT сервисті қамтамасыз ету болса, екіншісі, сот өндірісін автоматтандырып, оны үнемдеу болды. Үшіншісі, үлкен мәліметтермен жұмыс істеуді қолға алу. Аталған мәселелерде әлемдік сот тәжірибесінің мүмкіндігін барынша пайдаланудың маңызы көрсетілді. Цифрландыру мен IT технологияны дамыту қағазбастылықтан арылтады. Сот жүйесіне жасанды интеллект, яғни, адам ойын компью- терде бейнелейтін бағдарламалық жүйе енгізу өз кезегінде судьялардың жүктемесін азайтады. Ал, үнемделген уақытты қазылар кәсіби біліктіліктерін арттыруға жұмсай алатыны айтылуда. Виртуальдық соттарды құру да сот саласының алдында тұрған негізгі мақсат. Жоғарғы Сот төрағасы бұл ретте компьютерлік сауатсыздық, жабдықтардың жетіспеушілігі, интернет жеделдігінің төмендігі қолбайлау болып жатқанын да жасырмады. Тек сотты емес, бүкіл саланы цифрландыру жаңғыру мен жаңаруға ұмтылған ұрпақтың бақытты өмір сүруінің кепілі болмақ. Цифрлы технология елімізді әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына қосатын негізгі жолға айналмақ. Елбасы сот жүйесінің алдына халыққа ашық, барынша жақын болу талабын қойып отыр. Ол талап үдесінен шығу бәрімізге сын.

 

 

 

 

Астана қаласы

Алматы аудандық

сотының бас маманы Уақбаева А.С.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: