Лента новостей
0

Энергетика министрі Астанаға көгілдір отынның қашан жететінін мәлімдеді

abctv.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.03.2018 11:33 abctv.kz
Бірқатар бағыттарда жауапты мемлекеттік органдар мен компаниялар анықталды.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астана қаласын газдандыру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған үндеуде 1-1,5 жыл ішінде Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша Сарыарқа магистральді газ құбырын салуды жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Наурыз айының басында Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласы әкімдіктері және «Самұрық Қазына» өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиын өтті. Жиында Министр Бозымбаевтың төрағалығымен жұмыс тобы құрылып, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын орындау бойынша Жол картасы әзірленді.

Оның айтуынша, бірқатар бағыттарда жауапты мемлекеттік органдар мен компаниялар анықталды.

Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша магистральдік газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді, бекітуді және жер бөлігін қамтамасыз ету керек. Жауапты орындаушылар – Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласы әкімдіктері және «ҚазТрансГаз» АҚ. Мерзімі – 2018 жылдың шілдесі.

Сондай-ақ, халықаралық қаржы институттарынан қаржы тарту, қаржыландыру схемасын анықтау, жобаны жүзеге асыру үшін жобалық ұйым құру секілді мәселелер бойынша жауапты органдарды да атап өтті.

«Магистральдік газ құбырының құрылысына кірісу және газ құбырын алғашқы рет дәнекерлеудің салтанатты рәсімі ағымдағы жылдың шілде айының басына жоспарлануда. Сондай-ақ, магистральдік газ құбырын толтыру және тұтынушыларға газ жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдіктеріне газ тарату желілерін жобалауды және құрылысын магистралдік газ құбырын аяқталу уақытымен синхрондауды тездету қажет. Осы жергілікті газ тарату желілері кезең-кезеңімен салынатын болады. Барлық жұмыс 2019-2021 жылдарға дейін аяқталуы тиіс», - деді Қ.Бозымбаев.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: