Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Еліміздің бірқатар облысында ескерту жарияланды

Жауын-шашын күтіледі және облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар еріп, ағынның қалыптасуы жүреді.

Фото : vesti-ukr.com13 марта 2018, 16:25

Қазгидромет ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

14-16 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі және нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар еріп, ағынның қалыптасуы жүреді.

14-16 наурызда Қызылорда облысында жауын-шашын, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуі мен нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігінде өзен арналарының қысылуы, су деңгейлерінің жоғарылауы мен жайылмалаық аудандарға су шығу үрдістері орын алады.

16 наурызда Алматы облысы және Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қарқынды (көбіне жаңбыр), жылы ауа температурасының сақталуы өзен арналарының қысылуы мен мұздық құбылыстардың әлсіреуіне әкеледі (Алматы облысында), жазық аудандарда еріген қар ағыны, ал таулы аудандарда баурайлы ағындардың қалыптасуы мен су деңгейлерінің жоғарылауы, жайылмалық аудандарға судың шығу жағдайлары күтіледі.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии