Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Оралда есірткі сатқан мұғалім ұсталды

Ұстаздан 5,04 грамм марихуанна тәркіленген.

Фото : Baq.kz26 марта 2018, 13:03

23 наурызда Орал қаласындағы №3 орта мектепте бастауыш сыныптарға дене шынықтырудан сабақ беретін 32 жастағы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевиннің айтуынша, ұстаздан 5,04 грамм марихуанна тәркіленген.

«23 наурызда №3 орта мектепте жұмыс істейтін дене шынықтыру пәнінен (есірткі – автор) сатып алдық. Операция барысында 5,04 грамм марихуанна сатып алынды. Ол өз үйінде ұсталды», - деді Андрей Хлевин.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабының 1 тармағы «Есірткі заттарын сақтау және сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, қалалық білім басқармасы мұғалімнің ұсталғанын растағанымен, аталған оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии