Лента новостей
0

Ардагер аға туралы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.03.2018 21:05 Фото: zakon.kz

 Ардагер аға туралы

 

Сот жүйесінде қызмет атқару кімнен болса да жоғары жауапкершілікті талап етеді.Өзінің тағдырын сотпен байланыстырған әрбір адам, мейлі ол сот кеңсесінің маманы болсын, мейлі судья болсын ол ең алдымен халықтың қызметшісі екенін терең сезінуге тиіс.

Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің сот жүйесінде уақыт талабына сәйкес көптеген реформалар жүргізілді, сондай игі істер қазіргі уақытта да жалғасын табуда.

Ғасырлар тоғысында әлемде болған дағдарыстар салқыны біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сондай қиын кезеңдерде өте дұрыс шешімдер қабылдап, салиқалы саясат жүргізуінің арқасында Қазақстан қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, даму жолына түсті.Еліміздің экономикасындағы, әлеуметтік саласындағы болған дамулармен қатар сот-құқықтық реформалар да өз мәнінде дамыды. Мемлекетіміздің Конституциясында, сот, биліктің бір тармағы ретінде бекітілді.

Осындай реформалар кезеңінде судьялық лауазымды абыроймен атқарып, еліміздің сот жүйесінің дамуына үлес қосып, кейіннен құрметті отставкаға шыққан ардагерлеріміз баршылық.

Біздің бүгінгі әңгімеміз сондай ардагерлердің бірі Бекқожа Балғожаұлы Тайғожиев жөнінде болмақ.

Б.Б.Тайғожиев 1949 жылғы 17 қаңтарда Ресейдің Амур облысындағы Райчихинск қаласында туған. 1966 ж.Ақтөбе облысы Ойыл ауылындағы қазақ орта мектебін бітірген.

Б.Б.Тайғожиев еңбек жолын 1967-1970 ж. Ойыл аудандық сотында сот мәжілісінің хатшысы, сот орындаушысы қызметтерін атқарудан бастаған, содан соң міндетті әскери борышын өтеп келіп, қайтадан Ойыл аудандық сотында хатшы болған ол, кейіннен сол аудандағы мекемелер мен атқарушы органдарда әртүрлі жауапты қызметтер атқарады. Бекқожа Балғожаұлы сол қызметтерді атқара жүріп, еңбектен қол үзбей Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша оқып бітіріп жоғары білімді заңгер мамандығын алды.

Сот жұмысының қыр-сырын жетік меңгерген Бекқожа Балғожаұлының содан кейінгі өмір жолдары сотпен тығыз байланысты болды.

1984 ж. маусым айында ол Шалқар аудандық сотының төрағасы болып сайланып, бұл қызметті 1996 жылғы қараша айына дейін атқарды.

Облыс орталығынан шалғайырақ болса да өзіндік ерекшелігі бар, яғни темір жолдың, әрі Бұқара-Орал газ айдау желісінің бойында орналасқан үлкен ауданда қызмет атқару зор жауапкершілікті талап ететіні анық.

Бекең сол жауапкершілігі үлкен қызметті, өзінің өмірлік тәжірбиесі мен білімін шебер ұштастыруының арқасында абыроймен атқара білді.

 Шалқар аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған кезінде Б.Б.Тайғожиев аудан көлемінде заңдылық пен сапалы сот төрелігін атқаруды қамтамасыз ету жолында үлкен еңбек сіңірді, аудандық сот облыс көлемінде ұзақ жылдар бойы үздіктер қатарында болды, сот ұжымының аты облыс соттарының арасында үнемі жақсы жағынан аталып отырды. Осы үрдіс қазіргі кезде де жалғасын табуда.

 Халық алдында соттың жұмысы туралы үнемі есеп беріп отырды. Бұл ретте Б.Б.Тайғожиев ауданың барлық елді мекендерінде болып, тұрғындар арасында заңдылықты, қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде дәрістер өткізіп, жұртшылықтың құқықтық сауатын көтеруге белсенді атсалысты.

 Б.Б.Тайғожиев Шалқар аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған ұзақ жылдар ішінде, сол уақыттарда ауданның басшы органдары болған-аудандық партия комитетінің, халық депутаттарының аудандық Кеңесінің құрамына, депутаттығына бірнеше мәрте сайланып, Шалқар ауданының саяси, әлеуметтік өміріне белсенді қатысып, ауданның экономикалық-әлеуметтік ахуалының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосты.

 Біз де сол кезеңдерде Бекқожа Балғожаұлының қарамағында қызмет атқарғанымызды мақтан тұтамыз.

 Бекқожа Балғожаұлы содан кейін Ақтөбе аудандық сотының төрағасы, Ақтөбе қалалық сотының төрағасы лауазымдарында абыроймен қызмет атқарды.

 Б.Б.Тайғожиевтың ел алдындағы еңбегі басшылар тарапынан лайықты бағасын алды. Ол «Ақтөбе облысының үздік судьясы», «Ақтөбе облысының үздік заңгері», Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» Құрметті белгісінің иегері.

2008ж. «Ойыл ауданының құрметті азаматы», 2017 ж. Шалқар ауданының құрметті азаматы» атақтарына ие болды.

 Бекең зайыбы Жұмабике апай екеуі үш бала тәрбиелеп өсірді.

 Б.Б.Тайғожиев Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 26 наурыздағы Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 35-бабына сәйкес судья атағы, судьялар қоғамдастығында болуы, жеке басына тиіспеушілік кепілдігі және көрсетілген Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктері сақтала отырып, өмірлік судья мәртебесімен Қазақстан Республикасының отставкадағы судьясы болып табылады.

 

Шалқар аудандық сотының төрағасы Оралбек Бақтыгереев

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: