Лента новостей
0

Ақтөбеде қармен бірге асфальт еріп жатыр

Baq.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.03.2018 09:25 Baq.kz
Шенеуніктер бәріне кінәлі қолайсыз ауа райы жағдайы екенін айтады.

Ақтөбеде қармен бірге асфальт та еріп жатыр, соның салдарынан жолдардағы проблемалы учаскелер көбейген, деп хабарлайды Baq.kz.

Асфальт шұрық тесік болғандықтан, көлік жүргізушілері жылдамдықты барынша азайтып жүретіндерін айтады. Олай етпеген жағдайда дөңгелек тесіліп, көліктің жүру бөлігіне зақым келуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта жедел және түбегейлі жөндеуді қажет ететін бес көше бар.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбеде әр көктем сайын осы жағдай қайталанады. Қала тұрғындары бұл мәселеге шенеуніктердің назарын аударту үшін әртүрлі әдіс-тәсіл ойлап табады.

«Жолды жөндеуге миллиондап ақша шашатын шенеуніктер мен мердігерлерді ұялтуға тырыстық. Әртүрлі флешмобтар ұйымдастырдық. Тіпті кейбір жол учаскелерін өзіміз жөндеп көрдік. Ал кейбір батыл адамдар әкімдік қызметкерлерін сотқа берді», - дейді қала тұрғыны.

Шенеуніктер бәріне кінәлі қолайсыз ауа райы жағдайы екенін айтады. Телеарнаның хабарлауынша, олар қазір жол жөндеу жұмыстары үшін кезекті бірнеше миллиондық транш күтуде.

«Жалпы көлік жолдары мен жолөткел, жол айырығы құрылысы үшін үш миллиард теңге бөлінді. Бұл бастапқы кезең үшін бөлінген қаржы. Алдағы уақытта тағы да қаражат бөлу жоспарлануда», - дейді Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Руслан Төреғали.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: