Горячие новости
Читайте также

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 39 адамға жетті

Барлығында өткір ішек инфкциясы деген диагноз қойылып отыр.

Фото : ҚазАқпарат30 марта 2018, 14:43

Шымкентте тұрғындар балмұздақ жеп, жаппай уланып қалды. Кешеден бері облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен 40-қа тарта адам түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, науқастардың төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған. Барлығы да қаланың балмұздақ сататын бір жерінен тәтті жегенін жеткізген.

«Ауруханаға кеше үш бала мен үш ересек науқастар түскен. Түнде тағы 20 адам жеткізілді. Барлығында өткір ішек инфкциясы деген диагноз қойылып отыр. Науқастардың барлығы «балмұздақ жедік» дейді. Олардың ең кішісі 5 жаста. Қазір жағдайлары тұрақты», - дейді Ғалымжан Айнабеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше науқастар саны сағат сайын өсіп отыр. Қазіргі таңда олардың саны 39 адамға жеткен.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии