Лента новостей
0

Астанада BI Group мердігерлері мен жеткізушілерінің форумы өтеді

www.bi-group.org, фото - Новости Zakon.kz от 16.04.2018 09:00 www.bi-group.org
27 сәуір күні Астанада BI Group кезекті құрылыс форумы өтеді.

Шараға компания мердігерлері мен жеткізушілері, еліміздің қаржы институттарының мамандары қатысады. Сарапшылар сындарлы диалог алаңында ойларын жіпке тізіп, ұсыныстарын ортаға салады.

Форумға мемлекеттік құрылым өкілдері, тұрғын үй, жол және инфрақұрылым құрылысы, инженерлік және сәулет салаларының кәсіпқой мамандары шақырылды.

Форум тұңғыш рет 2015 жылы өткізілді. Онда холдинг жұмыс ауқымының 70%-ын кіші және орта бизнеске аутсорсинг ретінде бөліп беру туралы жоспарын жариялаған болатын.

Бірінші форум нәтижесі ретінде мердігер мекемелер арасында тендер өткізудің жаңа электронды тәсілі пайда болды. Бұл ашық және тиімді бәсекелестікті қамтамасыз етті.

Соның арқасында BI Group қазақстандық және шетелдік компаниялардың жеткізушілерінен өз тізілімін қүрастыруға мүмкіндік алды. Олардың арасынан BI Group компаниясының жаңа технологияларға, халықаралық стандарттарға және сапаға назар аударуға негізделген тұрақты дамуының стратегиясын қабылдағандары жыл сайын сенімді өсіп, ең ірі холдинг жобаларына қатысу көлемін арттырып келеді.

Бүгінгі күні, форум дәстүрлі түрде өткізіледі. Ол қатысушыларға жүйелік және өндірістік сұрақтарды топ-менеджмент негізі деңгейінде бірігіп шешуге септеседі.

Биылғы форум «Astana EXPO" көрме кешенінің «энергия холында" өтеді. Тақырыбы: «сандық өзгерудің бірлескен жолы".

Холдинг басшысы Айдын Рахымбаевтың айтуы бойынша, «қарқынды ауысулар заманында аман қалу үшін, технологиялық төңкеріс жасап, салаға жаңа тренд енгізуіміз қажет. Мысалы, клиент қызметі тез, барынша қарапайым және сапалы болуы – бұл сөзсіз әлемдік тренд. Ол digital дәуірінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Бүгінде BI Group инновациялық бөлімдерінің барлық жобасы осыған бағытталған. Осы сынды елу шақты жоба бар. Олар заманауи технологиялық шешімдер енгізе отырып, компанияны өз саласында көшбасшы ету мүмкіндігімен холдинг болмысы мен капиталдандырылуын түбегейлі өзгерте алады. Біздің бизнес-серіктестеріміз осы стратегияны түсініп, қолдауы маңызды, себебі тек соның арқасында бірлесіп дамуымыздың жаңа деңгейіне шығып, алға қойылған стратегиялық мақсаттарымызға жақындауға болады».

Форумда холдингтің ағымдағы және жоспарланған жобалары, құрылыс саласының нарығын шолу мен коммуникацияның жаңа сандық арналары енгізілуіне байланысты, компанияның серіктестерімен ынтымақтастығының жаңартылған тәртібі таныстырылады.

Форумға қатысу үшін ресми сайтта тіркелуге болады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: