Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ең мықты дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері Наурызда Ертіс өңірін әнге бөлейді

Павлодарда Наурыз мерекесі жылдағы дәстүр бойынша 40 күн тойланады.

Фото : egemen.kz27 апреля 2018, 09:37

Еліміздің ең мықты Сыр, Жетісу, Арқа, Шығыс пен Батыс дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері Ертіс өңірінде өтетін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының соңғы күнінде бас қосады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы белгілі продюсер, қазақстандық режиссер Алтынбек Рахметов агенттік тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

- Павлодарда Наурыз мерекесі жылдағы дәстүр бойынша 40 күн тойланады. Солтүстік аймақта ауа райы жылынғанда туған-туыс, ағайын-бауыр, достарыңмен бірге Ұлыс күнін мерекелеу әр отбасыға шаттық сыйлайтыны анық. Ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырған бұл тойда дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері әннен шашу шашпақ. Арқа елінің әншілері Кеңес Дүйсекеевтің «Сары Арқа», Үкілі Ыбырайдың «Гәкку», Біржан салдың «Сырғақты» туындыларын тарту етсе, жетісулық өнерпаздар Иса Байзақовтың «Желдірмесі» мен Жаяу Мұсаның «Гаухар қызын» орындайды. Бұдан бөлек, жанды жадырататын әндерді Орталық алаңнан тыңдай аласыздар, - дейді отандық режиссер Алтынбек Рахметов.

Айта кетейік, 30-сәуір күні Орталық алаңда сағат 11:00-де басталатын шара барысында Қарағанды, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Қызылорда, Атырау, Орал, Қостанай мен Петропавлдың дәстүрлі әншілері өнер көрсетеді.

Абзал Қабдраш


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии