Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда банк қызметкерлері кассадан 128 мың еуро ұрлады

Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-пунктіне сәйкес қылмыстық іс қаралды.

Фото : Baq.kz27 апреля 2018, 14:19

Банк филиалының кассасынан екі қызметкер 128 мың еуро алып, орнына сувенир банкноттарды қалдырған, деп хабарлайды Вaq.kz Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-пунктіне сәйкес қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың шілдесінен бастап 26 қазанына дейін Алматы қаласында орналасқан «Б» АҚ банкінің филиалында кассадағы ақшаға рұқсаты бар материалды жауапты тұлғалар А. және С. қызметтік лауазымын пайдаланып, өздеріне сеніп тапсырылған қаржыны сөмкелеріне салып, банктен алып шыққан.

«Сотталғандар банк филиалының кассасынан 128 000 еуро (49 345 344,4 теңге) және 79 900 АҚШ долларын (26 286 818,8 теңге) алып кеткен. Өздерінің қылмысын жасыру мақсатында ұрланған жерге «еуро» сувенирлік банкноттарын салып қойған», - деп хабарлады сотта.

Сот отырысында қылмыскерлер кінәсін толық мойындады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии