Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қаны бойынша І топқа жататын адамдарға жарақат алу қауіпті екені анықталды

Ғалымдар қанның дұрыс ұйымауына байланысты бірінші қан тобындағылардың жарақат алғанда көп қан жоғалтатынын анықтаған еді.

Фото : lenta.ru3 мая 2018, 14:51

Қаны бірінші топқа жататын адамдардың басқаларына қарағанда жарақаттан өліп кету қаупі өзге қан тобындағыларға қарағанда үш есе жоғары. Мұндай болжамды 901 науқастың мәліметін талдаған Токиодағы Медицина және стоматология университетінің ғалымдары жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар қаны бірінші топқа жататын адамдардың өлу және жарақаттан қайта айығу мерзімінің ұзаруы өзге қан тобындағыларға қарағанда 28% жоғары екенін анықтады. Басқа қан тобындағыларда бұл көрсеткіш 11%-ке тең. Дәрігер Ватару Такаяманың айтуынша, өлім қаупінің жоғары және алған жарақаттан сауығуға қатысты тақырыпта жазылған еңбектер аз.

Осы уақытқа дейін ғалымдар қанның дұрыс ұйымауына байланысты бірінші қан тобындағылардың жарақат алғанда көп қан жоғалтатынын анықтаған еді. Бұл осы қан құрамында Виллебранд фонының аздығымен байланысты.

«Сондай-ақ, зерттеу жұмысы шұғыл түрде бірінші қан тобындағы эритроциттерді ауыр жарақаты бар адамдарға құю гомеостазға қаншалықты әсер ететінін және басқа қан топтарынан қандай айырмашылқтары бар екені туралы мәселені көтереді. Гомеостаз кезінде қан ағуы тоқтайды», — дейді Такаяма.

Мұнымен қатар, ол бұл салада әрі қарай зерттеу жұмыстарының қажет екенін айтып өтті.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии