Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Әбунасыр Серіков өзі басқаратын “Нысана” театрынан кетті

«Нысана» театрынан қол үзген Әбунасыр, жас таланттарға тәлім беруді жөн деп шешкен.

Фото : pro-kostanay.net17 мая 2018, 11:47

Алғашқыда «Бауыржан-шоуда» өнер көрсетіп, кейін «Нысана» әзіл-ысқақ театрын ашқан Әбунасыр Серіков, қазіргі таңда өзі басқаратын ұжымнан кеткен. Десек те, актер қол қусырып отырған жоқ! Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

«Нысана» театрынан қол үзген Әбунасыр, жас таланттарға тәлім беруді жөн деп шешкен. Өткен жылдың қыркүйегінде өнер орталығын ашқан актер, Кеңес үкіметі заманында мұндай мүмкіндіктің болмағанын айтады.

“Мектепке бармай тұрғанда, ең бірінші көзімді ашып көргенім «Бриллиантовая рука» көріп, Юрий Никулин, Андрей Мироновқа қарап, актер болғым келді. Бірақ, мұндай мектептер ол кезде болған жоқ”, – дейді Әбунасыр Серіков.

Төккен тер, текке кеткен жоқ! Бүгінде Серіковтен сабақ алған жас өрендер, түрлі жобаларда бой көрсетіп жүр екен. Актердың кей шәкірттері Нұртас Адамбай, Ақан Сатаев сынды азулы режиссерлардың картиналарына шақырту алған.

“Шәкірттеріміз, біздің үлкен мен-мен деген актерларымыз, мен-мен деген әншілермен түсті. Оның өзі үлкен қуаныш қой. Егер де, біз сол кезде Шәкен Аймановтың киносына түссек, немесе Асанәлі атамыздың қасында отыратын болсақ, біз талып қалатын шығармыз!” – дейді Серіков.

Әбунасыр жетекшілік ететін орталықта құрылған көңілді тапқырлар клубы, отандық КВН түлектерін де таңдай қақтырған тәрізді.

“Ішінде КВН ойнап жүргендері көрініп тұр негізінде. Тәжірибесі бар КВНщиктер көрініп тұр. Біз де осылай мектептен бастадық. Осылай дос болдық. Біз Мейіржанмен бір командада ойнадық бәріміз”, – дейді актер Мейірхан Шерниязов.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии