Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шымкентте ескі қорғасын зауытының алып құбыры қирағалы тұр

Металл жинаушылар құбырдың тағанын бүлдірген

Фото : sputniknews.kz18 мая 2018, 09:26

Шымкентте ескі қорғасын зауытының алып құбыры қирағалы тұр, құласа, жақын маңдағы үйлер мен стратегиялық маңызы бар нысандарға зиянын келтіреді, деп жазады sputniknews.kz.

Құбырдың кез келген сәтте құлауы мүмкін екеніне қарамастан, зауыт территориясын металл жинаушылар торуылдап жүреді. Олардың кесірінен ұзындығы 70 метр нысанның тағаны бүлінген, деп жазады "Отырар".

Жергілікті билік өкілдері құбырға маңайлай алмайды, өйткені кәсіпорын бар мүлкімен банкте кепілде тұр. Құбырды банк рұқсатымен бұзуға болады, бірақ шығынды кім төлейді – беймәлім.

Ал зауыт аумағында бұзылуға тиіс тағы бір нысан бар. Жұмысшыларға арналған көпір де қирағалы тұр. Құлайтын болса, 60 жолаушы және жүк пойызының жолына тосқауыл болады.

Жол станциясының жұмысшылары айтқандай, көпір құласа, жол жабылды деген сөз, өйткені басқа айналма жолдар жақын маңда жоқ.

Қазір ескі өнеркәсіп нысаны аумағында полицияның күшейтілген жасағы қойылған.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии