Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Есік қаласындағы атыс: Полиция майорынан бөлек тағы бар адам көз жұмған

Оқиғаға 8 адамның қатысы бар екені анықталды.

Фото : stan.kz18 мая 2018, 09:28

Алматы облысында соңы полиция майорының өліміне алып келген төбелес салдарынан тағы бір адам көз жұмған, деп хабарлайды Алматы облысы бойынша ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Оқиғаға 8 адамның қатысы бар екені анықталды. Үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыттан кейін олардың екеуі қайтыс болды. Қайтыс болғандардың бірі – полиция қызметкері. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер – екеу. Олар ұсталып, қамауға алынды. Заттай айғақ ретінде пышақ пен аңшылық қару алынды», – дейді ІІД баспасөз қызметін.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, тергеу барысында куәгерлерден жауап алынып, видеокамералардағы жазбалар тексеріліп, сараптама қорытындылары ескерілетін болады.

«Екі адамның өліміне алып келген оқиға жылдам тергелетін болады. Алдымен арты төбелеске ұласқан даудың неден басталғанын анықтаймыз. Кім бастағаны, кім кімге жарақат келтіргені және кімнің қайда болғаны анықталады», – дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полиция мәліметінше, аталған оқиға айрықша бақылауға алынған. Ол «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша тергеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Есік қаласында 7-нен 8 мамырға қараған түні атыс болып, салдарынан полиция майорының көз жұмғанын хабарлаған едік.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии