Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қарағандыда оқушы қыз пойыздың астына түсіп қаза тапты

Қайғылы оқиға 16 мамыр күні кешкілік Сарыбел-Анар өткелінде болған.

Фото : Baq.kz18 мая 2018, 09:36

16 мамыр күні Қарағанды-Астана бағытындағы теміржолда 18 жастағы қыз баланы пойыз басып кеткен. Оқиға орнында бірден қаза тапқан бойжеткен оншақты күннен кейін 11-сыныпты аяқтауы тиіс болған, деп хабарлайды Baq.kz.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның мәліметі бойынша қайғылы оқиға 16 мамыр күні кешкілік Сарыбел-Анар өткелінде болған.

«16 мамыр күні 20 сағат 35 минутта Қарағанды-Сұрыптау-Астана теміржол бөлігінің Сарыбел-Анар өткелінде пойыз жүргізушісі теміржолға кенеттен қыз баланың шығуына байланысты пойызды шұғыл тежеуге мәжбүр болды. Сол уақытта пойыздың жылдамдығы сағатына 103 шақырым болған. Өкінішке қарай, пойыз қыз баланы қағып кетті», - деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған қыз бала №93 мектеп-гимназиясының 11-сыныбында оқиған. 18 жастағы бойжеткен спортпен айналысқан, мектепте белсенді болған, жақсы оқыған. Сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болып, мектепішілік спорттық жарыстар мен пәндік олимпиадаларға қатысқан. Қыздың анасы осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болған, әкесі бар.

Қаза болған қыздың пойыздың астына өзі түскені не болмаса қандай да бір басқа жағдай болған-болмағандығы әзірге белгісіз. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии