Данияр Елеусіновпен келесі кездесуге шығуға төрт қарсылас дайын

18 мая 2018, 10:06

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 6 маусымда Лондонда York Hall орталығындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың (1-0, 1 КО) командасы қазақстандық боксшыға Лондонда өтетін бокс кешіне төрт үміткердің ішінен таңдайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы венгерлік боксшы Габора Горбичтан (24-11, 14 КО) бөлек онымен жұдырықтасуға дайын тағы үш боксшы бар. Екеуі кәсіпқой бокста АҚШ намысын қорғайды, ал біреуі Ұлыбританияның атынан шығып жүр.

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 6 маусымда Лондонда York Hall орталығындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады. Бұл кештің басты жекпе-жегі - Британ достастығы чемпионы және жартылай ауыр салмақта WBA Continental чемпионы титулы үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинстің (13-0, 9 КО) кездесуі.


Акции
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript