Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсетуде 500 рет заң бұзылған

Биылғы жылдың 1 тоқсанында департаментке мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты келіп түскен 10 шағым қаралды.

Фото : www.inform.kz18 мая 2018, 10:19

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды форматқа көшу көрсеткіші 82,4 пайызды құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, электронды үкіметті насихаттап, тиімділігін түсіндіру бағытында жүргізілген жұмыстардың арқасында өңірде мемлекеттік қызметтің 82,4 пайызы электронды форматта көрсетіледі.

«Департамент ең алдымен қызмет алушылардың арыз-шағымдарына назар аударады. Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқығын қалпына келтіруге басымдық беріледі», -деп атап өтті Ə.Мұхамеджанов.

Айталық, биылғы жылдың 1 тоқсанында департаментке мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты келіп түскен 10 шағым қаралды. Осыған байланысты жоспарсыз 10 тексеріс жүргізілді жəне 4 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

«Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсетуде заңнаманың сақталуын қадағалау бойынша 16 бақылау шаралары жүргізілді. Осының нəтижесінде 500 заңбұзушылық анықталды. Оның көбі жергілікті басқару органдарында жол берілген. Соның ішінде себепсіз қызмет көрсетуді доғару, тиісті құжаттарынсыз қызмет көрсету, қызмет көрсету мерзімінің созылып кетуі сияқты заңбұзушылықтар бар», - деп толықтырды Ə.Мұхамеджанов.

Оған қоса, 8 лауазымды тұлғаға қатысты əкімшілік құқықбұзушылық бойынша 20 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуде əкімшілік кедергілерді анықтау бойынша «Құпия тұтынушы» қоғамдық бақылау əдісі» жобасы шеңберінде 18 мекемеде рейдтік шаралар қолға алынды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии