Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Депутат өзіне сөз қайтарған жасөспірімді ұрып жіберді

Мәсеуде Пушкин ауданының депутаты Андрей Одинцовтың жасөспірімдерге ескерту жасаймын деп басы бәлеге қалды.

Фото : stan.kz18 мая 2018, 10:40

Депутат өзіне сөз қайтарған жасөспірімді ұрып жіберді. Бұл туралы Ura.ru агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Андрей Одинцов Ельдигино аулындағы мектеп алаңында мердігерлердің жұмысын бақылап жүрген. Сол жерде дене шынықтыру сабағынан босатылған бірнеше оқушы да жүрген екен. Осы кезде депутат олардың тым шулап кеткенін жақтырмай, ескерту жасаған.

Өз кезегінде жасөспірімдер депутатқа сөз қайтарып, ешкімге кедергі келтірмегенін айтқан. Осы кезде депутат олардың біріне жақындап келген. Сол уақытта оқушылардың бірі: «Сіз мені ұрасыз ба? Бұл үшін қылмыстық бап бар», – деген екен. Мұнан кейін депутат жасөспірімнің бетінен ұрып жібереді.

Оқиға куәгерлері бұл туралы дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне шағымданған. Мұнан кейін депутат мектеп директорының кабинетіне шақырылған. Алайда тараптар бітімге келмеді.

Хабарланғандай, депутат өз әрекеті үшін ешкімнен кешірім сұрамаған. Себебі «жастармен қалай жұмыс істеу керек екінін» біледі.

Ал шенеуніктен таяқ жеген оқушының ата-анасы депутатты сотқа беру үшін тиісті құжаттарды дайындап жатқанын айтты.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии