Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

БҰҰ арнайы елшісі Астана процесінің кезекті кезеңіне оң баға берді

БҰҰ-ның арнайы елшісі жоғары деңгейдегі 9-шы Астана мәжілісі аясындағы деэскалация мәселесіне, әсіресе Идлиб мәселесіне қатысты пікірталастар көңілінен шыққандығын жеткізді.

Фото : ҚазАқпарат18 мая 2018, 11:38

Қазақстан делегациясы Сириядағы саяси ахуал бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бас хатшының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне 14-15 мамырда Астанада өткен сирияаралық келіссөздердің тоғызыншы кезеңіне қатысқаны туралы айтты.

БҰҰ-ның арнайы елшісі жоғары деңгейдегі 9-шы Астана мәжілісі аясындағы деэскалация мәселесіне, әсіресе Идлиб мәселесіне қатысты пікірталастар көңілінен шыққандығын жеткізді.

Дипломат оппозиция мен үкімет ұстанымдарын жақындастыру тұрғысынан сирияаралық келіссөздердің нәтижелерін пайдалы деп атады және кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан басшылығына ризашылығын білдірді.

С. Де Мистура Сирия шиеленісін шешу бойынша саяси процестің қыза түсетіндігінен үмттенетіндігін айтып, барлық мүдделі тараптарды осы бағытқа күш салуға шақырды.

Оның пікірінше, мүдделі тараптармен қолға алатын «жоғары дипломатияның» уақыты жетті, жоғары деңгейдегі кездесулер Сириядағы бейбіт өмірді қалпына келтіруге ықпал етуі керек.

БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне сирияаралық келіссөздердің 9-шы кезеңінің қорытындысы туралы мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар ол аталған мәселелермен қатар тараптар Астанада өткен соңғы 8 раундтық қорытындылар бойынша қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуын қадағалауды қамтамасыз ету мәселесі талқыланғандығын жеткізді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии