Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда екі көлік соқтығысып, біреуі арыққа түсіп кетті

Жол көлік оқиғасынан ауыр жарақат алғандар жоқ,

Фото : zakon.kz18 мая 2018, 12:05

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында Lada автокөлігі ГАЗельге соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ГАЗель көлігі даңғылдың бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Ходжанов көшесіне жетпей, кішкентай көше бар, жүк көлігінің жүргізушісі сол көшеге бұрылмақ болады. Бұрылмай тұрып, тежегішті басып, бұрылыс көрсеткішін қосады. Сол сәтте ГАЗельге Lada Largus көлігі келіп соғады. Соққының қатты болғаны соншалық, жүк көлігін жолдың шетіне шығарып, арыққа лақтырып жібереді.

Жол көлік оқиғасынан ауыр жарақат алғандар жоқ, алайда өзін жайсыз сезінгендіктен Lada көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

ГАЗельді арықтан кранның көмегімен шығарды. Жол қазғалысы бөгелгендіктен даңғылдың бойында Назарбаев көшесінен бастап көлік кептелісі орын алды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии