Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттады

Екі ірі ұялы байланыс операторы абоненттерге қызмет көрсетулердің қымбаттайтыны туралы мәлімдеді.

Фото : today.kz18 мая 2018, 14:36

Қазақстанда ұялы байланыс айтарлықтай қымбаттады, сонымен бірге бес жылдан бері төмендеп кеткен елдегі ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету көлемі артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төрт ай ішінде операторлар 73,1 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен, бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,3 пайызға көп. Оның 71%-ға жуығы – халыққа көрсетілген қызмет. Мұндағы жалпы сома 51,8 миллиард теңге. Былтырғы көрсеткіштен 2,8 пайызға артық.

2013-2017 жылдар аралығында сегментте құлдырау байқалады, деп жазады Ranking.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қызмет көрсетулер көлемі абоненттер санының артуы мен бағаның қымбаттауы салдарынан көбейіп отыр.

Хабарланғандай, биыл көктемде ірі үш байланыс операторының екеуі — Tele-2 мен Beeline — қызмет көрсету тарифтерін 10 пайыздан аса ұлғайтты.

"Абоненттерге қызмет көрсетулердің қымбаттайтыны айтылды. Абоненттік төлем қымбаттап, ұялы интернет-пакеттің ұлғайғандығы да хабарланды. Бұрынғы трафик көлемін сақтап қалғысы келсе де, қазақстандықтарда таңдау болмады", — дейді сарапшылар.

Биыл сәуірде Қазақстанда 26 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. 50%-дан астамы интернет пайдаланады. 100 қазақстандыққа шаққанда 146 sim-картадан келеді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии