Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Бақыт Шадаева жар болатын ер-азаматқа іздеу салуда!

Осыдан бірнеше жыл бұрын шығармашылығын бір шетке ысырып, бар уақытын қыздарына арнаған Бақыт Шадаеваның, бүгінде кенжесі бойжетіп қалса, тұңғышы тұрмыста.

Фото : comode.kz18 мая 2018, 16:38

Қазақ шоу-бизнесіндегі бірнеше әнші таяуда тұрмысқа шықса, таң қалмаңыз! Айта кетейік, олар жас бикештер емес, орта жастағы буынның өкілдері. Өйткені, оларға есейген перзенттері рұқсатын берген екен. Қалыңдық атануға қамданған танымалдардың көшін Шадаева Бақыт бастамақ. Бұл туралы НТК телеарнасында шығатын РЕВЮ бағдарламасында айтылды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын шығармашылығын бір шетке ысырып, бар уақытын қыздарына арнаған Бақыт Шадаеваның, бүгінде кенжесі бойжетіп қалса, тұңғышы тұрмыста. Есейіп, етек-жегін жиған олар, аналарының бір басы екеу болғанын құп көреді.

Бақыт Шадаева, әнші:-Олар қазіргі таңда, одан да артық түсінетін сияқты. Неге десеңіз, өздері жанұялы болып, екі басты болып жатыр. Олар, менің жалғыз жүргенімді көріп, әрине қам дейді ғой. Кішкене қобалжиды. Олар жақсы бір жар болсын деп тілейді. Бірақ, енді жақсы жарды көшеден таба алмайсың. Бұйырғаны болады!

Бұл тақырып, жақында Мақпал Жүнісованың да жанұясын талқыға түсіпті. Халық әртісінің қызы Мерей, елуді еңсерген анасының жанын түсінер ер-азаматпен бір жастықта қартаюын қалайды.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі: -Маған қызым рұқсат берді. Осы биыл айтты. Бірақ мен айттым, кешігіп қалдың дедім. Мен де ондай арман жоқ, күйеуге шығатын.

Қос некесі сәтсіз аяқталған Шахизаданың да ұлы мен келіні, әншінің алдағы өміріне қатты алаңдаулы көрінеді. Өнер иесінің бақытты жүзін көргісі келетін балалары, оған үшінші мәрте тұрмысқа шығуға рұқсатын беріпті.

Шахизада, әнші:-Маған балам айтады: «Анашым, егер сізді алақанына салатын ер-азамат болса, тұрмысқа шықсаңызшы» - деп. Айтады ғой, Құдай беремін десе күйеуді «форточкадан» бере салады деп. Сол, форточканы ашып қойып, жатырмын енді. Мүмкін беріп қалар деп...

Бұл өмірде әркімнің бақытты болуға толық хақы бар. Демек, Шахизада ханым ертең қалыңдық атанып, сіз бен бізден сүйінші сұрап, тойға шақырса таң қалмаңыз!


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии