Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тоқаев БҰҰ Сауда және даму конференциясының Бас хатшысымен кездесті

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы Мухиса Китуйи Қазақстан мен осы ұйым ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Фото : parlam.kz18 мая 2018, 17:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген "100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен Үшінші жаңғыру бағдарламасының іске асуы туралы Мухиса Китуйиді хабардар етті. Сенат төрағасы Қазақстанда қолайлы бизнес ахуалы мен жайлы инвестициялық климатты қамтамасыз ету мақсатын көздейтін жұмыстардың жүргізіліп жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін дамыту мәселелері көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру барысы, оның ҚХР-дың "Жібек жолы" экономикалық белдеуі бастамасымен үйлесетіні туралы әңгімеледі. Бағдарлама аясында Еуразиялық алуан үлгідегі көлік дәлізі жұмыс істей бастады, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзит дәлізінің Қазақстандағы бөлігінің құрылысы аяқталды.

Сенат төрағасы аймақтық сауда қатынастарын өркендетудегі, теңізге шығатын жолы жоқ елдердің экономикалық және көлік мүмкіндіктерін күшейтудегі ЮНКТАД ұйымының үлесін жоғары бағалады, ол халықаралық сауда ықпалдастығына жәрдемдесетін атап өтті.

Мухиса Китуйи Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты ұлғайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ЮНКТАД жоспарларын растады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии