Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Америкадан екі астронавт әйел Байқоңырға келді

Екі аптадан астам уақыт бойы олар Байқоңырдың 17 алаңындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында ұшуға дайындалады.

Фото : ҚазАқпарат21 мая 2018, 09:01

Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияның 56/57 экипаждары ұшу алдындағы соңғы дайындыққа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдың 19 мамырында «Союз МС-09» транспорттық басқарылатын кеменің негізгі және қосалқы экипаждарының ғарышкерлері мен астронавтары Байқоңырға келіп, ғарыш айлағындағы жаттығуларға кірісті.

Ғарыш айлағы мен кәсіпорындар басшылығы «Крайний» әуежайында Союз МС-09» ТБК негізгі экипажын - ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьевті, германиялық Александр Герстті және америкалық Серина Ауньен -Ченселлорды және дублерлері - ресейлік Олег Коненко, америкалық Энн Маклейн және канадалық Давид Сен-Жакты күтіп алды.

Екі аптадан астам уақыт бойы олар Байқоңырдың 17 алаңындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында ұшуға дайындалады.

Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандардың бақылауында ғарышкерлер мен астронавтар «Сокол» скафандрын киіп көреді және ғарыш кемесінің ішінде скафандрмен жұмыс істеп көреді.

«Союз МС-09» транспорттық басқарылатын кемесі 2018 жылдың 6 маусымында 17 сағат 12 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының №1 алаңқайынан («Гагаринский старт») ұшырылады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии