Горячие новости
Читайте также

Ақтөбеде күннен қорғамайтын әйнек аялдамалар қайта жөнделеді

Ақтөбе қаласында «оқ өтпейтін» әйнектен аялдамалар орнатылып, әрқайсысына 1 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Фото : ҚазАқпарат25 мая 2018, 10:43

Ақтөбеде күн мен желден қорғамайтын әйнек аялдамалар қайда қалпына келтіріледі. Жергілікті билік аялдама шатырына қара пленка жапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында «оқ өтпейтін» әйнектен аялдамалар орнатылып, әрқайсысына 1 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл аялдамалар адамдарды күннен қорғай алмай, тұрғындардың нарызылығын тудырды. Арыз-шағымды естіген жергілікті билік енді аялдама шатырын қара пленкамен қаптауды жөн көріп отыр.

«Аялдамалардың бірнеше түрін қарастырып жатырмыз. Қателік кетті. Қазір аялдама шатыры күннен қорғамай тұр, оны көлеңкелейміз. Шамамыз келгенше заманауи аялдама қоюға күш саламыз. Орталықтағы ескі аялдамалардың бәрін екінші деңгейлі көшеге қойып, жаңасын орнатамыз», - деді Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Танат Шегебаев.

Сонымен қатар, Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін бояу жалғасады. Бұл мақсатқа бюджетте 20 миллион теңге бөлінген.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии