Горячие новости
Читайте также

Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті

Екіжақты кездесу ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы аясында өтті.

Фото : www.inform.kz1 июня 2018, 11:57

Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Душанбе қаласында Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Екіжақты кездесу ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы аясында өтті.

«Қырғызстан-Қазақстан одақтастық қатынасы даму үстінде, белсенді саяси-экономикалық диалог орнатылып, барлық деңгейде байланыс жасалуда. Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынастарды нығайту Қырғызстанның сыртқы саясатының басымдықтарының бірі болып табылады», - деп атап өтті Мухаммедкалый Абылгазиев.

Қырғызстанның үкімет басшысы атап өткендей, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және екіжақты сауда-саттықты дамыту әлеуеті зор.

«Біздің Президенттер өзара сауда айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізу туралы тапсырма берді. Бұл өзара сауда айналымын арттыру және саудадағы қазіргі кедергілерді жою үшін жағдай жасау мақсатында тығыз ынтымақтастық жасауға жетелейді», - деді ол.

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев екі мемлекет басшыларының алға қойған жоспарлары жүзеге асуы тиістігін атап өтті.

«Қазақстандық тарап екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға бағытталған кез келген бастаманы әрдайым қолдауға дайын», - деді Үкімет басшысы.

Кездесу соңында Қазақстанда өтетін Қырғызстан-Қазақстан үкіметаралық кеңесінің кезекті 7-ші отырысын премьер-министрлердің төрағалығымен өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии