Горячие новости
Читайте также

Ким Чен Ын Путинмен кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастыруды ұсынды

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі барысында жоғары деңгейдегі кездесу туралы келісімге қол жетті.

Фото : Baq.kz1 июня 2018, 12:55

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын КХДР мен Ресей Федерациясы басшылары арасындағы кездесуді жоғары деңгейде өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі барысында жоғары деңгейдегі кездесу туралы келісімге қол жетті.

«Стратегиялық және дәстүрлі корея-ресейлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында екі тараптың мүддесіне және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 70 жылдығына сай келетін ағымдағы жылғы жаңа дәуір талаптарына сәйкес, жоғары деңгейдегі байланысты, түрлі салалардағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты іске қосу, соның ішінде, КХДР мен Ресей басшыларының кездесуін жоғары деңгейде өткізу туралы келісімге қол жетті», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 12 маусымда Сингапурде Ким Чен Ынның АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі жоспарланған. Саммит барысында Корея жарты аралын ядролық қарудан азат ету мәселесі талқыланады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии