Мессиге мұсылман жанкүйерлер қарсылық білдірді

4 июня 2018, 15:36

Палестина футбол федерациясының басшысы жанкүйерлерді Месси Израиль құрамасымен өтетін ойынға қатысса, оның спорттық формасын өртеп жіберуге шақырды.

10 маусым күні Астана уақытымен сағат 00:30-да Аргентина құрамасы Израиль футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазды prosports.kz.

Иерусалим қаласында өтеді деп жоспарланып отырған жолдастық матч Таяу шығыс елдеріндегі мұсылман жанкүйерлердің көңілін күпті етіп отыр.

Себебі, Аргентина құрамасының сапында атақты футболшы Месси өнер көрсетеді. Ал Месси Израиль құрамасымен жолдастық ойынға қатысатын болса, сол өңірдегі мұсылман жанкүйерлер оған өкпе артары сөзсіз. Бұл жерде Израиль мен Таяу шығыс мұсылман елдерінің бір-біріне жау көзбен қарайтынын айтып жатудың өзі артық.

Осыған байланысты, Палестина футбол федерациясының басшысы Джибриль Раджуб былай деп мәлімдеме жасады:

"Месси біздің назарымызда бейбітшілік пен сүйіспеншіліктің елшісі. Біз оның Израиль футболшыларымен өтетін матчқа қатыспауын талап етеміз. Араб елдері мен барша мұсылман мемлекеттерінде оның жанкүйерлері өте көп. Егер ол осы ойынға қатысса, мен барша жанкүйерлерден оның спорттық формасы мен фото-суреттерін өртеп жіберуді сұраймын".

Айта кетейік, Израиль — Аргентина матчының билеттері мамыр айының соңында сатылымға шығып, 20 минуттың ішінде сатылып кеткен екен.


Акции
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript