Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мемқызметкерлердің жұмыс уақыты өзгереді

іреулер жұмыстың басталу уақытын сәл шегеруді өтінсе, енді біреулер түскі үзілісті ұзарту қажеттігін жеткізді.

Фото : www.inform.kz13 июня 2018, 16:22

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өз қызметкерлері үшін икемді жұмыс кестесін енгізуді жоспарлап отыр. Аталған бастама оң нәтиже берсе, ондай кесте барлық мемлекеттік органдарға таратылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасының бас менеджері Шыңғыс Төрегелдиннің айтуынша, жұмыс кестесін өзгертуге қатысты арнайы сауалнама жүргізілген болатын.

Сол кезде агенттік қызметшілерінің 70 проценті жұмыс кестесін өзгертуді сұрады. Біреулер жұмыстың басталу уақытын сәл шегеруді өтінсе, енді біреулер түскі үзілісті ұзарту қажеттігін жеткізді.

Осыған байланысты агенттік қызметшілері үшін жұмыс уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды. Алайда 8 сағаттық жұмыс күні сақталады. Сосын аталған бастаманы әзірше пилоттық жоба үлгісінде қолға алынады.

«Біз мектепке дейінгі жастағы және бастауыш сыныпта оқитын балалары бар агенттік қызметшілері үшін жұмыс күнін 9:30-ға белгілеуді ұсындық. Сонда 1,5 сағаттық түскі үзілісті санағанда олардың жұмыс уақыты 19:00-ге дейін созылады. Сол сияқты түскі үзілісті ұзартуды сұрағандар қосымша жарты сағат алса, олардың жұмыс күні де 19:00-ге дейін болады. Қалған қызметшілер үшін қолданыстағы жұмыс кестесі (9:00-18:30) қала береді. Аталған өзгерістер жұмыс тиімділігіне кедергі жасамай, ұжымдағы моральдық-псиxологилық климатқа оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Бұл бастама агенттікте, сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде сынақтан өтеді. Біз оны қыркүйек айында бастаймыз», - деді Ш.Төрегелдин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии