Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елорда автобусында жалған зейнеткер куәлігімен жүрген әйел ұсталды

«Зейнеткердің» айтуынша, ол құжатты хабарландыру арқылы алған.

Фото : elorda.info14 июня 2018, 09:21

Астананың қоғамдық көлігінде жалған зейнеткер куәлігімен жүрген әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана ЛРТ» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана ЛРТ» ЖШС көліктік бақылау департаментінің инспекторлары күн сайын қоғамдық көліктің жұмысына мониториинг жүргізеді. Соның ішінде көлікте билетсіз жүрген жолаушыларды анықтайды.

Бірер күн бұрын №5 бағдарла Астана қаласының 1968 жылы туған тұрғыны жалған зейнеткер куәлігімен ұсталды», деп жазды компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Facebook желісіндегі парақшасында.

«Зейнеткердің» айтуынша, ол құжатты хабарландыру арқылы алған.

«Құжатты қолдан жасау - ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартуға жататын қылмыс. Көліктік бақылау дапертаментінің инспекторы құқықбұзушыны анықтап, 102 қызметіне хабар берді. Енді оған қатысты Алматы аудандық ІІБ инспекторымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп жазды ол.

Айта кетейік, электронды төлем жүйесіне толық көшкеннен соң мұндай құқықбұзушылыққа жол берілмейді. Себебі 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңілдік санатына жататын азаматтар қоғамдық көлікте тек қана көліктік картамен ғана жүретін болады»,- деді Н.Азанбаева.

Осыған орай, компания өкілі Астана тұрғындарына, әсіресе жеңілдікке құқық беретін қағаз куәліктерін 17 күннің ішінде көлік картасына ауыстыру қажеттігін ескертті. Себебі, 1 шілдеден бастап ол куәліктермен елорда автобустарында тегін жүру мүмкін болмайды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии