Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережелері бекітілді

Қазақстан аумағында жасалған және республика аумағына, оның ішінде республиканың ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылар тіркелуі тиіс.

Фото : Baribar.kz14 июня 2018, 12:33

Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрі міндетін атқарушы Бұйрығы бойынша 2018 жылдың 23 мамырында ұялы байланыс үшін абоненттік құрылғыларды тіркеу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роумингте Қазақстан аумағында орналасқан немесе машинааралық өзара әрекеттесуге арналған ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын қоспағанда, Қазақстан аумағында жасалған және республика аумағына, оның ішінде республиканың ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылар тіркелуі тиіс.

Ұялы байланыс абоненттік құрылғысын тіркеу тегін негізде жүзеге асырылады.

14-18 жас аралығындағы, кәмелеттік жасқа толмағандар үшін тіркеу олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүзеге асырылады.

14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ұялы телефондарын тіркеуді олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.

Ұялы байланыс абоненттік құрылғысын оның иесі автоматтық қызмет көрсету жүйесі арқылы немесе ұялы байланыс операторының кеңсесіне хабарласу арқылы тіркеу (қайта тіркеу) үшін мына құжаттар қажет: ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін); ұялы байланыс абоненттік бөлігінің сәйкестендіру коды; телефонда пайдаланылатын абоненттік нөмірлер.

Қорғалатын тұлғалар пайдаланатын ұялы байланыс құралдарын тіркеу үшін ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы ақпарат қана беріледі.

Ұялы байланыс абоненттік құрылғының иесі өзгерген кезде, қайта тіркеу ұялы байланыс операторы тіркелген иеленушінің ауызша келісімін алғаннан кейін немесе меншік құқығын беруді растайтын құжаттар болған жағдайда жүргізіледі.

Ережеге сәйкес, ұялы байланыс абоненттік құрылғыны тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі жеке тұлғалар үшін 4 сағатқа дейін жүзеге асырылады; заңды тұлғалар үшін 8 сағатқа дейін. Бұл жағдайда, уақыт өлшемі ақпарат бергеннен кейін есептеледі.

Тіркеу барысында, ұялы байланыс абоненттік бірліктерінің сәйкестендіру кодының деректер базасының операторы, ұялы байланыс операторы оны өзінің желісіне тіркейді, бұл кезде ұялы байланыс абоненттік құрылғыны тіркеу үшін қажетті қызметтерден басқа барлық қызмет көрсетуді тоқтатады, Көрсетілген қызметтерді ұялы байланыс операторы анықтайды.

Сонымен қатар, ұялы байланыс операторы, егер ұялы байланыс абоненттік бірлігінің сәйкестендіру коды тіркелген болса немесе басқа иеленушінің атына тіркелген болса, абоненттік құрылғыны тіркеуден бас тартады.

Ұялы байланыс операторы ақпаратты базаға енгізу туралы хабарлама алған сәттен бастап ұялы телефон иесіне құрылғының тіркелгені туралы хабарлайды.

Ұялы байланыс абоненттік құрылғының иесі телефонын тіркеуден алу үшін ұялы байланыс операторына кез-келген нысанда өтініш беру арқылы жүзеге асыра алады.

Абоненттің ұялы байланысын тіркеуден шығару тәртібі төмендегідей мерзімде жүзеге асырылады: жеке тұлғалар үшін - 4 жұмыс сағаты;
заңды тұлғалар үшін 8 жұмыс сағатына дейін. Сонымен қатар, мерзім өтінішті алған сәттен бастап есептеледі.

Абоненттерді ұялы телефондарды тіркеу мүмкіндіктері туралы хабардар ету үшін, база операторы интернет-ресурс арқылы дерекқорда тіркелген ұялы байланыс абоненттік бөлімшелерінің сәйкестендіру коды туралы ақпаратқа тегін қол жеткізеді.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұялы оператор желісінде қызмет көрсетіліп жүрген абоненттік құрылғылар автоматты түрде жергілікті жүйеде тіркеліп, мәліметтер базаға беріледі.

Ұялы оператор желісінде, дұрыс емес (өзгертілген) немесе қайталанған сәйкестендіру коды бар ұялы байланыс абоненттік құрылғылары жоғарыда көрсетілген ақпаратты жіберу арқылы тіркеледі.

База операторы өзінің Интернет-ресурсында мынадай ақпаратты тексеру мүмкіндігін ұйымдастырады: ұялы байланыс абоненттік құрылғыны сәйкестендіру кодымен тіркеу мүмкіндігі; ұялы байланыс абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодының дұрыстығы.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии