Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматы маңында трактор аударылып қалды

Трактордың бұрылу белгілері жұмыс істемеген, сондықтан артынан келе жатқан жеңіл автокөлік үшін оның бұрылғаны күтпеген жағдай болды.

Фото : www.zakon.kz10 июля 2018, 10:11

Алматы облысындағы Жетыген ауылына апаратын, Қапшағай тас жолында жеңіл көлік пен трактор соқтығысып қалды деп хабарлайды Zakon.kz.

Трактор мен Lada Vesta көлігі ауыл жаққа бет алған. Жеңіл көлік тізгіндеп келе жатқан азаматтың сөзіне сүйенсек, ол трактордың артынан келе жатқан. Ол баяу жүріп келе жатқандықтан, оны озбақ болады.

Жолдың қиылысына келгенде трактор кенеттен солға бұрылмақ болады. Үлкен жылдамдықпен кележатқан Lada Vesta осы сәтте оның дөңгелегіне барып соғылады. Соққының ауырлығынан дөңгелек жұлынып кетеді, ал трактор аударылып қалады.

Апаттың салдарынан тракторда отырған жолаушы мен жүргізуші зардап шекті. Оқиға орнында медицина қызметкерлері көмек көрсетті. Ашық жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Кейін белгілі болғандай, трактордың бұрылу белгілерінің сымдары жұлынған болып шықты.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии