Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

КВН жұлдызы 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Мирсаидовтың пікірінше, оның сотты болуына өзінің Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға жағзан хаты себеп болған.

Фото : stan.kz12 июля 2018, 09:51

«Тәжікістан құрамасы» КВН командасының капитаны Хайрулло Мирсаидов сотты болды. Ол 13,5 мың долларды (4 млн теңгеден аса) жұмсап, жалған құжаттар жасап, жалған мәліметтер жеткізді деп айыпталған. Ол кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Фергана» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сонымен қатар Хайрулло Мирсаидов мемлекетке 13,5 мың доллар көлеміндегі соманы қайтаруы тиіс. Сот төрағасының сөзінше, егер ол аталған қаражатты тергеу немесе сот барысында қайтарып бергенде, түрмеден қашып құтылар еді.

Ал сотталушының қорғаушысы сот үкіміне тым қатаң деген баға беріп, аппеляциялық шағым түсіруді көздеп отыр.

Айта кетсек, «Тәжікістан құрамасы» командасының капитаны былтыр тұтқындалған еді.

Мирсаидовтың пікірінше, оның сотты болуына өзінің Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға жағзан хаты себеп болған. Онда шоумен жастар ісі жөніндегі басқарманың бұрынғы басшысының микрофон сатып алуға бөлінген ақшаны иемденіп алғанын жазған.

Нәтижесінде Мирсаидовтың өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көпшіліктің пікірінше, аталған процестің «саяси астары» бар.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии