Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақтөбеде полиция қызметкерінің бетіне түкірген есепші жазаланды

Ақтөбенің Ырғыз аудандық сотында айыталушы А.Сқақовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Фото : www.inform.kz12 июля 2018, 12:01

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының тұрғыны А.Сқақов мас күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып қалған. 29 жастағы есепші өзін ұстаған полицейді балағаттап, кейін бетіне түкіріп жібергені үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбенің Ырғыз аудандық сотында айыталушы А.Сқақовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аудандық өнер мектебінің есепшісіне Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, 2018 жылдың маусым айында айыпталушы көшеде мас күйінде жүріп, полиция қызметкерлеріне ұсталады.

Сол кезде полицейлер 29 жастағы есепшінің ішімдік ішкенін анықтау үшін оны аудандық ауруханаға жеткізеді.

Тексерістен соң Ішкі істер бөліміне кірер кезде айыпталушы А.Сқақов қызметтік міндетін атқарып тұрған полиция қызметкерлерін балағаттап, бетіне түкіріп жіберген.

Сот отырысында А.Сқақов өзіне тағылған айыпты толық мойындап, билік өкілінің өз қызметтік міндетін атқару кезінде балағаттап, қорлау сөздерін айтқанын растап, іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін, кінәсін толық мойындайтынын, енді қайталамайтынын көрсетіп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Ал медициналық тексеру қорытындысы кезінде айыпталушының ішімдік ішіп, марихуана шеккендігі анықталды.

«А.Сқақов Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, жаза ретінде 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 84 175 теңге айыппұл салынсын. А.Сқақов сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті»,- деді судья С.Махамбетов.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии