Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодар облысында жол үстінде көз жұму фактілері жиілеген

Басқарма басшысы биыл Жаңа Ямывшево, Чернорецк және Усен тас жолдарында жедел жәрдем көліктері орналасқан үш көлік пункті ашылғанын және алдағы уақытта қосымша екі пункт іске қосылатынын жеткізді.

Фото : Рavlodarnews.kz 12 июля 2018, 17:52

Павлодар облысында 2018 жылдың жарты жылы ішінде 27 адам тас жолдарда орын алған жол апатынан көз жұмған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев айтты.

- Әсіресе, жаз мезгілінде республикалық маңызы бар тас жолдарында қайғылы оқиғалар көбейеді, - дейді Ораз Мұқашев. – Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырып жібереді. Салдарынан зардап шеккендерді стационарға жеткізгенге дейін іштен көп қан кетіп, жарақаттық шок алады.

Мәселен, жаңа ғана айтып өткен 27 адамның 15-і жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында жан таспырған. Өкінішке орай, олардың ішінде өрімдей балалар да бар. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын Шідерті кентінің жанында «Павлодар – Астана» тас жолында орын алған жол апаты кішкентай сәби болған бір отбасының өмірін жалмап кетті.

Басқарма басшысы биыл Жаңа Ямывшево, Чернорецк және Усен тас жолдарында жедел жәрдем көліктері орналасқан үш көлік пункті ашылғанын және алдағы уақытта қосымша екі пункт іске қосылатынын жеткізді.

- Осының нәтижесінде оқиға орнына 15-20 минуттың ішінде жетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік туады, - дейді Ораз Мұқашев.– «Қалқаман – Шідерті» бағытындағы көлік медициналық пунктерін денсаулық сақтау саласына тапсыру туралы Үкіметтің шешімі шыққанын атап өткен жөн.

Бұл көмек көрсету сапасын жақсартып, жол апатынан зардап шеккендерді емханаларға дер кезінде жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша республикалық жолдардағы пункттер ашу мәселесі толық шешімін табады.

Ақбота Сейсенбаева




Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии