Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Лукашенко Роза Рымбаеваға «Славян базары» президенттік марапатын табыс етті

Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп қана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті.

Фото : ҚазАқпарат13 июля 2018, 10:21

Беларусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп қана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті.

«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», - деді Роза Рымбаева.

Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.

Роза Рымбаева - эстрада әншісі, актриса және педагог, Қазақстанның халық әртісі, Астананың құрметті азаматы. Оны Қазақстанның алтын дауысы және Орталық Азияның бұлбұлы деп атайды. Роза Рымбаева өзінің шығармашылық мансабында 18 жеке альбом шығарып, тоғыз музыкалық жинаққа атсалысқан.

Айта кетейік, Беларусьтің Витебск қаласындағы «Жұлдыздар алаңында» қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылған еді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии