Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"Славян базары 2018": қазақ әншісі үздік үштікте

Байқаудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан, Беларусь және Польша ең жоғары балл жинады.

Фото : sputniknews.kz16 июля 2018, 10:23

"Славян базары" халықаралық фестивалі жаңа орындаушылардың жұлдызын жақты. Оның ішінде Қазақстанның дарынды әншісі биіктен көрінді деп хабарлайды sputniknews.kz.

Биыл байқауға 21 адам қатысқан. Ширек финалдан соң үздіктер іріктеліп қалды.

Қазір жеңістен үмітті 15 әнші бар. Ал Михаил Финберг жетекшілік еткен Беларусь ұлттық академиялық концерт оркестрі барлық орындаушыларды бірдей сүйемелдеді.

Қазақстанның намысын халықаралық байқауда 23 жастағы Ернар Садырбаев қорғайды, ол көпшілікке Әмре деген атпен кең танымал.

Қазақстандық әншінің байқау көшбасшысы екенін ешкім атап айтпаса да, қазірдің өзінде ол үздік үштік қатарынан орын тепті.

Естеріңізге сала кетсек, биыл "Славян базарының" әділ қазылар алқасында отандасымыз Димаш Құдайберген бар. Кезінде өзі де осы байқауға қатысып, бағы жанған еді. Бәлкім ол өзінің соңынан ерген інілеріне көмектесетін шығар, бірақ тек моральдық түрғыда, рух беру арқылы.



Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии