Горячие новости
Читайте также

Ауылға қонаққа барып, жоғалып кеткен баланы 12 күннен бері іздеп жатыр

Әзірге жоғалған баланың ешбір ізі табылмай отыр.

Фото : sputniknews.kz27 июля 2018, 09:29

Алматы облысындағы тауларда із-түзсіз жоғалып кеткен жеті жасар алматылық баланы 12 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik.

"Екі іздеу тобы құрылды. Біреуі батыс бағыттағы жерді, Қырғызстанның шекарасына дейін қарап шығады, екінші топ шығыс бағытта – барлық шатқал, сүрлеу жол, бүкіл төңіректі сүзіп шығады", — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Сергей Незнаев.

Оның айтуынша, іздеу жұмыстарына жергілікті мәслихаттың екі депутаты, әкімдік, ветеринарлық станция қызметкерлері қатысып жатыр.

Іздеу-құтқару операциясының барысында шабандардың тұрақтары да тексеріледі.

Незнаевтың айтуынша, әзірге жоғалған баланың ешбір ізі табылмаған.

Алматыдан қонаққа келген жеті жасар бала 14 шілдеде Ынтымақ ауылының маңында жоғалған. Ол өзге балалармен бірге жайлауға ойнауға барады. Сол жақта белгісіз жағдайда із-түзсіз жоғалып кетеді. Іздеу жұмыстарына "Қазавиақұтқарудың" тікұшағы тартылып отыр.

Белгілі ресейлік құтқарушы Артур Давыденконың айтуынша, жаяулап баланы тапқан жеңілірек болады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии