Горячие новости
Читайте также

Демалыс күндері еліміздегі су айдындарында 6 адам құтқарылды

29 шілдеде Қостанай облысында Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы Шортанды өзенінде ТЖД шомылуға арналмаған жерде шомылып жатып, өздігінен жағаға жүзіп келе алмаған 1984 жылғы жігітті құтқарды.

Фото : www.inform.kz30 июля 2018, 12:15

2018 жылдың 28 және 29 шілде күндері еліміздегі су айдындарынан 6 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, 28 шілдеде Қостанай қаласы Тобыл өзенінде ТЖК Солтүстік өңірлік жедел-құтқару жасағының күштері рейдтің іс-шаралар барысында 1987 жылғы ер адамды құтқарды. Ол шомылып жатқан кезде өздігінен жағаға жүзіп келе алмаған. Оған сол жерде психологиялық көмек көрсетілді.

28 шілдеде Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылы Зеренді көлінде ТЖД жедел-құтқару жасағы 1979 және 1986 жылы туған 2 ер адамды ажалдан алып қалды.

Олар шомылып жатқан кезде өздігінен жағаға жүзіп келе алмаған. Оларға сол жерде психологиялық көмек көрсетілді. 29 шілдеде Павлодарда Ертіс өзенінде ТЖД жедел-құтқару жасағы шомылып жатқан кезде өздігінен жағаға жете алмаған 1983 жылы туған ер адамды құтқарды.

Оған сол жерде психологиялық көмек көрсетілді. 29 шілдеде Қостанай Тобыл өзенінде қалалық жағажайда ТЖК Солтүстік өңірлік жедел-құтқару жасағы жасағы шомылып жатқан кезде өздігінен жағаға жүзіп келе алмаған 1996 жылғы әйелдің өмірін сақтап қалды. Оған сол жерде психологиялық көмек көрсетілді.

29 шілдеде Қостанай облысында Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы Шортанды өзенінде ТЖД шомылуға арналмаған жерде шомылып жатып, өздігінен жағаға жүзіп келе алмаған 1984 жылғы жігітті құтқарды.

Ер адамға сол жерде психологиялық көмек көрсетілді. Қостанай облыстық ТЖД бастығы Т.Б. Кәкімовке осы азаматтардың туыстарынан алғыс хаттар түскен.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы шомылу маусымы басталғалы құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында елдегі су айдындарынан 247 адам, соның ішінде 73 бала құтқарылды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии