Горячие новости
Читайте также

Түрікменстан президенті елшімен кездесуде Назарбаев туралы не айтты?

Қазақстанның жаңа елшісі Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Фото : sputniknews.kz2 августа 2018, 09:25

Қазақстанның елшісі Жандос Асановтың Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамотасын тапсырды деп жазады sputniknews.kz.

Салтанатты шара Оғузхан сарайында өтті, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Түрікменстан басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ықыласқа толы сәлемін айтып, Елбасының екі ел арасындағы, сондай-ақ аймақ елдері арасындағы байланыстардың өркендеуіне қосып жатқан баға жетпес үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан елшісі Түрікменстан президентін елшілік екі ел жетекшілерінің көпғасырлық екіжақты достық әрі бауырмал қатынастарды одан әрі өрістетіп, кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін аянбай күш салатынына сендірді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии