Горячие новости
Читайте также

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бейсенбай Дәулетұлы1982 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы журналист, құқықтанушы.

Фото : ҚазАқпарат3 августа 2018, 12:41

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Тәжібаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бейсенбай Дәулетұлы1982 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы журналист, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК-нің директор - бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС Бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет етіп келді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии