Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақмолада экскаваторшының өліміне қатысты тексеріс аяқталды

Тергеу істері белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына жолданады.

Фото : www.inform.kz10 августа 2018, 12:18

«Алтынтау-Көкшетау» ЖШС-де экскаваторшының өліміне қатысты тексеріс жүргізген комиссия жұмыс берушінің кінәсін толықтай анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша индустриалды даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментіне сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға орын алған қауіпті өндірістік нысанда тексеріс жүргізген арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын зерттеп, куәгерлер мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауда жауапты лауазымды тұлғалардың түсінктемелерін ескере келе, «Алтынтау Көкшетау» ЖШС зардап шеккен экскаваторшының жұмыс уақытында жұмыс орнында, жұмыс берушінің тапсырмасын орындап жатқанын анықтады. Сол себепті, қайғылы оқиғаны өндіріспен байланысты деп есептеуге болады, еңбек қызметіне байланысты қайғылы жағдай деп акті толтыру қажет. Қайғылы жағдайдың себебін анықтай отырып, комиссия жұмыс берушінің кінәсі-100 пайыз, жұмысшыныкі - 0 пайыз деп қорытынды шығарып отыр», - деп атап өтті ведомстводағылар.

Департаменттің дерегі бойынша, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер құтқару операциясы кезінде жедел, сауатты және жоғары кәсіби деңгейде қимылдап, шешім шығарған. Келеңсіз жағдайда кәсіби шеберлік, ерлік және төзімділік көрсете білді.

«Құтқару шараларына қатысушылар зардап шеккен жұмысшыны тез арада тас үйіндісінің астынан алып шығу үшін барынша ширақ қимылдады. Бұл зардап шегушіні тірідей алып шыққан ТМД елдерінде бұрын соңды болмаған теңдессіз құтқару операциясы болды. Құтқару жұмыстары кезінде, құтқарушылар шалыс қимылдаса, экскаваторшы сол жерде жантәсілім етуі мүмкін еді», - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Айта кетейік, қазіргі кезде апатты арнайы тергеу шаралары аяқталды. Осының нәтижесінде жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершлікке тартылады.

Тергеу істері белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына жолданады.

Еске сала кетейік, 21 шілде күні таңғы сағат 08:00-дер шамасында «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС ашық кенішінде тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастар құлап, кабинаны ішіндегі 25 жастағы жүргізушімен бірге басып қалған болатын. Кейін ер адам Ақмола облыстық аурухнасына жатқызылып, сонда көз жұмды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии