Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елорда полицейлері пәтер тонаумен айналысқан топты ұстады

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, сондай-ақ ұсталған адамдардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Фото : elorda.info10 августа 2018, 13:59

Ұсталған күдіктілер бұған дейін осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға жергілікті тұрғын белгісіз тұлғалардың терезені бұзу арқылы үйіне кіріп, жеке заттарын (зергерлік бұйымдарын, планшеттері мен ноутбуктарын) жымқырып кеткені жөніндегі арызбен жүгінген.

«Жедел қабылданған шешімнің арқасында полицейлер үш күдіктіні ізін суытпай ұстап, Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамаған. Олар өткен айдың соңында елордаға келген Түркістан және Ақтөбе облыстарының тұрғындары болып шықты. Үш күдікті де бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», делінген департаменттің хабарламасында.

Тергеу шаралары аясында полицейлер ұсталған азаматтардың жымқырған заттарының біраз бөлігін қаланың ломбардтарына өткізіп үлгергендерін анықтады.Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелерді алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, сондай-ақ ұсталған адамдардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии