Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Байбек травматикалық қаруды қолдануға қарсы пікір білдірді

Қаланың басшысының айтуынша, травматикалық қару көбінесе қорғану үшін емес, шабуыл жасауға қолданылады.

Фото : turkystan.kz10 августа 2018, 14:26

ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди қазақстандықтарға травматикалық қару қолдануға қайта рұқсат беру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бұл өзін-өзі қорғау қаруы болып табылады. Статистика көрсеткендей, оған тыйым салынғаннан бастап қылмыс саны азайған. Өзін-өзі қорғау мақсатында қанша рет пайдаланылғаны туралы мәліметтер жоқ», - деді ол Алматыдағы қоғамдық кеңесте.

Бұл мәселе бойынша Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, 60 оқиғада тек бір ғана жағдайда травматикалық қару өзін-өзі қорғау мақсатында пайдаланылған, көбінесе қылмыскерлер оны күш көрсету үшін қолданады. Осындай жағдайға мысал ретінде қала әкімі жақында болған шабуылды келтірді.

«Травматикалық қарумен шабуыл жасалған 60 жағдай және қорғану үшін қолданылған бір жағдай болды. Кеше бір түрік жігіті қызды ұрламақ болды. Оған қарсылық көрсетіле бастағанда, ол травматикалық қарудан ата бастады. Оны тұтқындаған күннің өзінде, Алматыда мұндай жағдайлар болып тұратыны белгілі. Елімізде травматикалық қаруды қолдануға тыйым салынғаны дұрыс болды», - деді әкім.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии