Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Цифрландыру – сапа мен үнемдеу кепілі

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына енгізілген «Қазақстанның БЭЖ басқаруды автоматтандыру» жобасы жүзеге асырудың белсенді фазасына түсті.

Фото : aikyn.kz10 августа 2018, 16:20

Өткен жылдың соңында Үкімет «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын бекітіп, отандық кәсіпорындарға «Индустрия 4.0» шеңберінде цифрлы модернизацияға өтуді жүктеді. Бұл процесс ірі электр энергетикалық KEGOC компаниясында қалай жүзеге асуда? Техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға сай келетін біртұтас электр энергетикалық жүйені құруды көздейтін компанияның цифрландыру саясаты туралы не білеміз? Бұл туралы aikyn.kz жазды.

«Аталмыш бағдарламаның KEGOC үшін маңызы зор. Себебі, «KEGOC» АҚ балансында Ұлттық электр торабы бар технологиялық компания, сонымен бірге Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы саналады. Мемлекеттің, бизнес пен қатардағы тұтынушылардың талабына сай қызмет ету үшін компания озық технологиялар мен қондырғыларды зерттеп, қолданысқа енгізуде үздіксіз жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде біздің компания инновацияларды енгізуші драйверлер қатарына еніп отыр. Технологиялық жарақталуы жағынан әлемнің жетекші электр желісі компанияларымен иық тірестіріп тұрмыз деп айта аламыз» дейді компанияның техникалық саясатты басқару бөлімінің бастығы Бауыржан Өтеулиев.

KEGOC компаниясында интеллектуалды энергожүйесін құру жөніндегі халықаралық сараптама негізінде және бенчмаркинг қорытындысы бойынша технологиялық даму мен цифрландырудың әлеуетті бағыттары анықталған. Компания Қазақстанның интеллектуалды энергожүйесінің ядросы болуды мақсат етіп отыр. Бүгінге дейін енгізілген интеллектуалды элементтер қатарында релелік қорғаныстың және автоматиканың цифрлы құрылғысы (РЗА), диспетчерлік бақылау және мәліметтер жинау жүйесі (SCADA), электр энергиясы коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі (АСКУЭ), басқарылатын тұйықтауыш реакторлар, талшықты-оптикалық байланыс желісі бар.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына енгізілген «Қазақстанның БЭЖ басқаруды автоматтандыру» жобасы жүзеге асырудың белсенді фазасына түсті. Бұл жоба Жиілік пен қуатты автоматты реттеу (ЖҚАР), Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесі (АҚАОЖ), WAMS/WACS синхрофазорлы технологиялар негізіндегі мониторинг пен басқару жүйесі деп аталатын үш компоненттен тұрады. Бұл технологияларды жүзеге асыру Қазақстан Ұлттық электр торабының негізінде еліміздің интеллектуалды энергожүйесіне сай келетін платформаны құруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан энергожүйесін дамытудың негізі әлеуеті ауқымды мәліметтерді жоғары жылдамдықпен жеткізетін инфрақұрылым құруға, диспетчерлік басқару мен коммерциялық есеп жүйесін ары қарай дамыту, модельдеу және болжау, электр желісін қадағалау мен басқаруды жақсарту, сондай-ақ қолданылатын технологиялардың үйлесімділігін стандарттауды қамтамасыз етуге бағытталған» дейді Б. Өтеулиев.

«Биыл 500 кВ-тық «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жаңа транзит желісі пайдалануға беріледі. Бұл желі Қазақстанның БЭЖ-нің ауқымы мен жұмыс тәртібін айтарлықтай кеңейтеді, бұл электр желілерін аварияға қарсы басқару бағытында жаңа технологиялық шешімдерді қолдануды талап етеді. Біз үшін дәл ондай жүйе – Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесі. Себебі, бұл жүйе жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жұмыс істейді. Қандай да бір қолайсыз жағдайда аварияға қарсы автоматиканың автоматты баптауын нақты уақыт режимінде мамандардың қатысуынсыз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол ұлттық тораптың қандай да бір элементі істен шығар болса да сенімділігін on-line режимде қамтамасыз ете береді» дейді Бауыржан Айділдәұлы.

Елдің энергетикалық жүйесін аварияға қарсы басқаруды дамытудың инновациялық жалғасы деп саналатын WAMS жүйесі де енгізілуде. Жобаның артықшылығы – қосымша электр желісін салмай-ақ электр энергиясын торап арқылы жеткізуге мүмкіндік туғызады. Бұл жүйе бір-бірінен қашықта орналасқан энергетикалық нысандардан электрлі режим параметрлері туралы ақпаратты жинайды. Ол параметрлерді өлшеу секундына 50 рет жүргізілетіндіктен, мәліметтерді уақытпен сәйкестіру талап етіледі. Бұл жүйеде нақты астрономиялық уақыт көзі GPS пен ГЛОНАСС (жаһандық навигациялық спутник жүйесі) жүйелері барлық энергия жүйесіндегі ақпараттарды өңдеу орталығына жинай алады. Осылайша, қазіргі қолданыстағы аварияға қарсы автоматика жүйесіне қарағанда, энергия жүйесін тұтастай қадағалауды қамтамасыз етеді.

Мәселен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың энергия бірлестігінде WAMS жүйесі кеңінен қолданылады. Олар бұл жүйені кері процестерді анықтау үшін немесе жүйелік оператор диспетчеріне шешім қабылдауда қолдау опциясы ретінде ғана қолданады. Яғни, WAMS негізінен тек осы энергобірлестіктер үшін өзекті саналатын маңызды міндеттерді шешеді. Біздің жобамызды жүзеге асыру кезінде де WAMS жүйесі Қазақстанның БЭЖ талаптарына сәйкес жасалады. АҚАОЖ бен WAMS жобаларын жүзеге асыруда бұл жүйелердің жұмыс тиімділігін көтеру үшін оларды интеграциялау қарастырылады.

Компания енгізіп жатқан тағы бір жоба – Жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесі (ЖҚАР). Электр қуатының сапасын, негізгі өндіруші қондырғының сенімділігін қамтамасыз ету үшін электр қуатын өндіру мен тұтыну арасындағы тепе-теңдік сақталуы қажет. Бұл тепе-теңдікті диспетчерлік басқарудың бірнеше сатысы арқылы диспетчерлер командасы қамтамасыз етіліп келеді. Балансты басқару тиімділігін арттыру, адами фактордың ықпалын азайту мақсатында компания енді ЖҚАР жобасын жүзеге асырса, тепе-теңдік персоналдың қатысуынсыз автоматты режимде сақтала береді. Егер жүйеде теңсіздік пайда болса, жүйе реакциясының жылдамдығы артады да, ақау санаулы минутта жойылады. Норматив бойынша кемшілікті жоюға ары кетсе 15 минут жұмсалады. Қазақстанның БЭЖ-не ЖҚАР-ды енгізу электр қуатының сапасын көтеріп, Қазақстандағы электр стансаларының сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. «KEGOC» АҚ-дағы цифрландыру саясаты сапаны көтеріп, қаржы үнемдеуге жол ашып отыр.

Халима Бұқарқызы


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии