Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қарағандыда 16 жастағы кондуктор жолаушыны соққыға жықты

Зардап шеккен азамат түрлі дене жарақаттарын алып, қалалық медицина мекемелерінің біріне шағымданған.

Фото : ҚазАқпарат17 августа 2018, 14:58

Қарағандыда 16 жастағы автобус кондукторы жолаушыға қол көтерген. Таяқ жеген азамат Астана қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 тамыз күні Қарағанды қаласының аялдамаларының бірінде қалалық маршруттың қоғамдық көлігінде жұмыс жасайтын 16 жастағы жасөспірім Астананың 28 жастағы тұрғынын соққыға жықты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде процесуалдық шешім қабылданады», - деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Құдияров.

Полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында ұстады. Зардап шеккен азамат түрлі дене жарақаттарын алып, қалалық медицина мекемелерінің біріне шағымданған.

Ведомствода мәлім еткендей, 16 жастағы қоғамдық көлік кондукторы мен 28 жастағы жолаушының арасындағы жанжал дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы, 1-бөлігіне («Бұзақылық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии